Accessibility links

Семейде өзін өртеген жігіт қайтыс болды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Семейде 11 қараша күні өз-өзін өртеген жас жігіт қайтыс болды. Жергілікті агенттіктер ақпаратына қарағанда, 25 жастағы жігіт қызымен ренжіскен соң үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген.

Өртенген жігіт денесінің 80 пайызын күйік шалып ауруханаға түскен. Полиция оқиғаны өз-өзіне қол салу ретінде тіркегенін айтады.

Қарашаның басында Көкшетауда да осыған ұқсас оқиға болған. Ол кезде отбасындағы жанжалдан соң 20 жастағы жігіт те үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеген. Өртенген жігіт бірер күннен соң ауруханада көз жұмған.

24 қазанда Тараз қаласында 20 жастағы Ерлан Бектібаев "Нұр Отан" партиясы ғимараты алдында өз-өзін өртеп, жарақатынан ауруханада қайтыс болған. Өзін өртер алдында түсірілген видеода ол мұндай жағдайға полиция қызметкерін кінәлап мәлімдеме жасаған еді.

XS
SM
MD
LG