Accessibility links

«Жас Алаш» Зекейұлына 40 миллион теңге төлеуі тиіс болды


Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы басылым үстінен түскен шағым бойынша сотта отыр. Алматы, 12 қазан 2015 жыл.
Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы басылым үстінен түскен шағым бойынша сотта отыр. Алматы, 12 қазан 2015 жыл.

Алматының Алмалы аудандық соты бүгін "Жас-Ай" тибет-шығыс медицинасы орталығының жетекшісі Жасан Зекейұлының "Жас Алаш" газетіне қатысты шағымына орай үкім шығарды.

Үкім бойынша, басылымның бас редакторы Рысбек Сәрсенбай мен тағы бірнеше адам жиынтық сомасы 40 миллион теңге айыппұл төлеп, газет арқылы бұрынғы материалын терістеуі керек.

Шағымданушы Жасан Зекейұлы «газет абыройым мен ар-намысымды қаралады» деп, соттан газеттің шығуын алты айға тоқтатуды, басылым мен тағы үш адамға жиыны 400 миллион теңге өтемақы төлетуді, газеттен жазбаша түрде кешірім сұратуды талап еткен.

Қарашаның 10-ы күні басталған соттың жарыссөз кезеңінде газеттің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай Жасан Зекейұлын "басылым беделіне зиян келтіріп, шындыққа сай келмейтін жала жапты" деп айыптап, оған қарсы шағым берген. Басылым басшысы Жасан Зекейұлынан 400 миллион теңге моральдық шығын өндіртуді сұраған.​

«Жас-Ай» шығыс-тибет медицинасы орталығының жетекшісі Жасан Зекейұлының «Жас Алаш» газетіне қарсы шағымы бойынша алғашқы сот тыңдауы қыркүйектің 30-ында басталған.

XS
SM
MD
LG