Accessibility links

IAAF Ресей жеңіл атлеттерін жарыстан шеттетті


Себастьян Коу, IAAF президенті

Себастьян Коу, IAAF президенті

Ресейдің жеңіл атлетика федерациясы допинг қолдану дауына қатысты уақытша халықаралық жарыстардан және Рио-де-Жанейрода өтетін 2016 жылғы олимпиададан шеттетілді.

Лондонда орналасқан Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының ассоциациясы (IAAF) бұл шешімді қабылдау кезінде Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) "мемлекеттен қолдау тапқан допинг қолдану" туралы есебін негізге алған.

IAAF кеңесінде Ресей атлеттеріне тыйым салу туралы шешімді жақтап 22 адам дауыс берген, бір-ақ адам қарсы шыққан. Кеңеске төрағалық еткен IAAF президенті Себастьян Коу: "Бұдан артық ескерту болмас. Кез-келген деңгейде қулық-сұмдыққа жол бермейтінімізді анық көрсеттік. Тұтас жүйе жеңіл атлеттердің обалына қалды, тек Ресейде емес, күллі әлемде" деді.

Тыйымға сәйкес Ресейдің жеңіл атлеттері алдағы әлем чемпионаты мен олимпиадаға қатысудан шеттетілді. 2016 жылы Ресейдің Чебоксарысында өтуі тиіс болған спорттық жаяу жүрістен әлем чемпионаты мен Қазанда ұйымдастырылып жатқан жас жеңіл атлеттердің әлем чемпионаты өткізілмейтін болды.

WADA-ның осы аптаның басында шыққан есебіне сәйкес Ресей билігі жеңіл атлеттерінің жаппай допинг қолдануына көз жұмып келген.

XS
SM
MD
LG