Accessibility links

AFP: Париждегі шабуылға қатысқан сегіз адам өлген


Париждегі Stade de France стадионы маңында шабуылдан зардап шеккен адамды медициналық жедел жәрдем көлігіне отырғызып жатыр. 13 қараша 2015 жыл.
Париждегі Stade de France стадионы маңында шабуылдан зардап шеккен адамды медициналық жедел жәрдем көлігіне отырғызып жатыр. 13 қараша 2015 жыл.

Agence France-Presse (AFP) Париждегі шабуылдарды тергеу тобындағы дереккөздеріне сілтеме жасап, теракті жасауға қатысқандардан сегіз адамның өлгені туралы хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, олардың төртеуі «Батаклан» концерт орталығында қаза тапқан, үшеуі денесіне байлаған жарылғыш заттарды жарып мерт болған, біреуі полициямен атыста оққа ұшқан.

Террорлық шабуылдарға байланысты тергеу жүргізіп жатқан арнайы қызмет өкілдері қылмысқа қатысқандардың кейбіреуі жасырынып үлгерген болуы мүмкін екенін айтады. Қазір олармен бірге сыбайластарын да іздестіріп жатқаны туралы хабарланды.

13 қарашада кешкісін Парижде бірнеше жерде жасалған террорлық шабуылдардан, ресми ақпарат бойынша, шамамен 120 адам қаза тауып, екі жүзден аса адам жараланған. Француз баспасөз құралдары қаза тапқандар саны 150 адамнан асқан деп хабарлады.

Террорлық шабуылдарға байланысты Францияда төтенше жағдай жарияланып, мемлекеттік шекара жабылды. Франция тергеу орындары бұл қылмысқа қатысы барларды анықтап жатыр.

XS
SM
MD
LG