Accessibility links

Назарбаев Олландқа көңіл айтып жеделхат жолдады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Франция президенті Франсуа Олланд. Астана, 5 желтоқсан 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Франция президенті Франсуа Олланд. Астана, 5 желтоқсан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Париж қаласында болған террорлық шабуылдарға байланысты Франция президенті Франсуа Олландқа көңіл айтып жеделхат жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта Парижде жасалған жантүршігерлік әрекеттер салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Қазіргі таңда терроризмнің етек алуы барлық мемлекеттер үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін лаңкестік пен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғылы оқиғаларда құрбан болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Франция халқына жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтқан.

13 қарашада кешкісін Франция астанасында болған бірнеше террорлық шабуылдардан, ресми ақпарат бойынша, кемінде 120 адам қаза тауып, екі жүзден аса адам жараланған. Франция баспасөз құралдары құрбан болғандар саны артқанын айтады. Кейбір деректер бойынша, шабуыл жасауға қатысқандардан сегіз адам өлген.

Терактілерді жасауға қатысы болуы ықтимал адамдар мен олардың сыбайластарын француз тергеушілері іздестіріп жатқаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG