Accessibility links

Алматыда француз консулдығына гүлдер қойды


Париждегі террорлық шабуылдардың құрбаны болған бейбіт тұрғандар қазасына көңіл айтып, Франция консулдығына гүл қоюға келген адамдар. Алматы, 14 қараша 2015 жыл.
Париждегі террорлық шабуылдардың құрбаны болған бейбіт тұрғандар қазасына көңіл айтып, Франция консулдығына гүл қоюға келген адамдар. Алматы, 14 қараша 2015 жыл.

Парижде көп бейбіт тұрғынды мерт қылған қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл білдіру үшін Алматыдағы Франция консулдығына бүгін таңертеңнен адамдар келіп жатыр.

Консулдық адындағы күзетшінің айтуынша, таңертеңгі сағат сегізден бастап мұнда Париждегі терактілерде қаза тапқандарды еске алуға ондаған адам келген. Олар өздерімен әкелген гүл шоқтарын қойып, шырақ жағып, осы жердегі арнайы кітапшаға қазіргідей сын сағатта Франция халқының қайғысына ортақтастып, олармен бірге екендерін білдірген жазбалар қалдырған.

Консулдыққа көңіл айтуға келгендердің арасында жергілікті тұрғындармен бірге шетелдік азаматтар да бар.

Сенбі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Париждегі террорлық шабуылдарда құрбан болғандардың отбасылары мен барша Франция халқына Қазақстан халқының атынан көңіл айтып, француз президенті Франсуа Олландқа жеделхат жолдаған. Ресми Астана бүгін таратқан мәлімдемеде Парижде жасалған террорлық шабуылдарды айыптады.

13 қарашада кешкісін Франция астанасында болған бірнеше террорлық шабуылдан, ресми ақпарат бойынша, кемінде 120 адам қаза тауып, екі жүзден аса адам жараланған.

Алматыдағы француз консулдығына гүл әкелгендер туралы видео:

Франция консулдығына гүл қою
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:15 0:00

XS
SM
MD
LG