Accessibility links

ИМ: Парижге шабуылды біз жасадық


Құтқарушылар террорлық шабуылдан зардап шеккен адамды әкеле жатыр. 13 қараша 2015 жыл.

Құтқарушылар террорлық шабуылдан зардап шеккен адамды әкеле жатыр. 13 қараша 2015 жыл.

«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы бүгін интернетте Франция астанасындағы шабуылдарды өз адамдары жасағаны туралы мәлімдеме таратты.

Мәлімдемеде жұма күні кешкісін Париждің әр тұсында болған террорлық шабуылдарды ИМ-нің сегіз адамы жасағаны айтылған. ИМ бұл шабуылдар – «Мұхаммед пайғамбарды қорлағаны және ИМ территориясына әуе соққыларын жасағаны үшін кек алу» деп мәлімдеген.

Ресми деректер бойынша, Парижде кешегі терактілер салдарына кемінде 120 адам мерт болып, жүздеген адам жараланған.

XS
SM
MD
LG