Accessibility links

Әлем лидерлері Францияға қолдау білдірді


Париждегі терактілерге байланысты Франция халқына көңіл айтқан Украина президенті Петр Порошенко француз елшілігі алдында тізе бүгіп, құрбандар рухына тағзым етті. Киев, 14 қараша 2015 жыл.

Париждегі терактілерге байланысты Франция халқына көңіл айтқан Украина президенті Петр Порошенко француз елшілігі алдында тізе бүгіп, құрбандар рухына тағзым етті. Киев, 14 қараша 2015 жыл.

Париждегі бірнеше террорлық шабуылдан соң бір сағат өткенде АҚШ президенті Барак Обама мен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон телеарна арқылы мәлімдемелер жасады. Олар Францияға қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтып, террорға қарсы күресте жәрдем көрсетуге дайын екендерін білдірген.

Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер Францияда бейкүнә көп адамның өмірін қиған терактілерден «қатты есеңгіреп» қалғанын мәлімдеді. Германия канцлері Ангела Меркель сенбі күні телеарнадан жасаған үндеуінде өз елі террорға қарсы бірлескен күреске үлес қосатынын мәлімдеді. Иран президенті Хасан Рухани Париждегі террорлық шабуылдарды қатаң айыптап, оны «адамзатқа қарсы қылмыс» деп атады. Ол Еуропаға жоспарланған сапарын кейінге қалдырды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Франция президенті Франсуа Олланд пен бүкіл Франция халқына Париждегі терактілерге байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады. Алматы мен Астанадағы Францияның дипломатиялық өкілдеріктеріне ондаған адам келіп, Франция халқына қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айтты.

Ресей президенті Владимир Путин Париждегі қанды қырғынға байланысты франциялық әріптесі Франсуа Олландқа көңіл айтып жеделхат жіберген. Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Францияның үкімет жетекшісі Мануэль Вальске көңіл айту жеделхатын жолдаған. Ресейде Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург және басқа қалаларда жұртшылық өкілдері Франциядағы қайғылы оқиғалар құрбандарын еске алды.

XS
SM
MD
LG