Accessibility links

Парижде шабуылдар қалай басталғаны айтылды


Теракт болған жердегі мейрамхананың оқ тескен терезесі. Париж, 14 қараша 2015 жыл.
Теракт болған жердегі мейрамхананың оқ тескен терезесі. Париж, 14 қараша 2015 жыл.

Француз тергеушілері кеше кешкісін Париждегі террорлық шабуылдар әуелі ел астанасының шетіндегі Сен-Дениде, Франция мен Германияның ұлттық футбол құрамалары арасында жолдастық кездесу өтіп жатқан Stade de France стадионы маңындағы жарылыстардан басталғанын айтады. Ол жерде жанкештілер өздерін жарып жіберген кездегі жарылыс дыбыстарын ойынды тамашалауға жиналған жанкүйерлер петарда дыбысы деп қабылдаған. Ойын жалғаса берген, бірақ матчты көруге келген Франция президенті және Германия мен Францияның сыртқы істер министрлері ол жерден дереу әкетілген.

Жұрт стадионнан бір-бірін басып-жаншымай, ұйымдасқан түрде шығарылған.

Франциядағы саяси партиялар желтоқсанға белгіленген аймақтық сайлауларға өздері жоспарлаған сайлауалды шараларын тоқтата тұратындарын жариялаған. Елдің беделді саяси қайраткерлері ұлтты бірлік пен ынтымаққа шақырған.

«Терроршылар Францияға соғыс жариялады. Еліміз берілмеуі және шегінбеуі тиіс» деп мәлімдеген Франциядағы ең ірі оппозициялық «Республикашылар» партиясының жетекшісі, елдің экс-президенті Николя Саркози.

Соңғы деректер бойынша, Парижде 13 қарашада жасалған террорлық шабуылдардан 128 адам мерт болып, екі жүзден аса адам жараланған.

XS
SM
MD
LG