Accessibility links

Иракта жаппай өлтірілген езидтер сүйектері табылды


Синджардағы жаппай өлтірілген езидтер көмілген жер. Ақпан, 2015 жыл.
Синджардағы жаппай өлтірілген езидтер көмілген жер. Ақпан, 2015 жыл.

Ирактың солтүстігінде ондаған езид әйелдерін жаппай өлтіріп, көміп кеткен қорым табылған. Бұл туралы куәгерлер мен жергілікті билік орындары хабарлаған.

Қорымнан сүйектері шыққан, жас шамалары 40 пен 80-нің аралығындағы 78 әйелдің ажалы «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобынан келген болуы мүмкін деген болжам айтылып отыр.

Бұл қорым осы аптада күрд қарулы жасақтары америкалық әуе күштерінің қолдауымен ИМ содырларынан қайтарып алған Синджар қаласының шет жағынан табылған.

Бұған дейін ИМ содырларының Ирактағы діни-этникалық азшылыққа жататын езидтерді шектен шыққан қатыгездікпен қырып-жойғанын халықаралық қауымдастық қатаң айыптаған болатын.

XS
SM
MD
LG