Accessibility links

ЕО елдері терроризм қаупіне қарсы бірікпекші


Парижде 13 қарашада террорлық шабуыл жасалған көпшілік орындардың бірінде құрбандардың құрметіне қойылған гүлдер. 14 қараша 2015 жыл.

Парижде 13 қарашада террорлық шабуыл жасалған көпшілік орындардың бірінде құрбандардың құрметіне қойылған гүлдер. 14 қараша 2015 жыл.

Еуропа Одағына (ЕО) мүше 28 елдің барлығы терроризм қаупіне қарсы бірлесіп күреспек.

«Бұл біздің барлығымызға қарсы жасалған шабуыл. Біз бірге қауіп-қатерге қарсы тұрамыз және оған қатаң шаралармен жауап қайтарамыз» делінген сенбі күні Брюссельде жарияланған ЕО жетекшілерінің Париждегі террорлық шабуылдарға байланысты бірлескен мәлімдемесінде.

ЕО лидерлері Францияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еуропалық деңгейде қолдан келетін барлық шараларды қабылдауға уәде етті.

Сонымен бірге мәлімдемеде ЕО басшылары барша еуропалықтарды Парижде құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алу шарасына қосылуға шақырған. Шабуыл құрбандарын бір минут үнсіз еске алу шарасы дүйсенбі, қарашаның 16-сы күні Еуропа уақытымен түс мезгілінде өткізілмек.

Сенбі күні әлемнің көптеген елдерінде Франция астанасында жұма күні кешке жасалған террорлық шабуылдарда қаза тапқандарды еске алу шаралары өтті.

XS
SM
MD
LG