Accessibility links

Венада Сирия жайлы келіссөздер өтті


Сирия мәселесі бойынша келіссөздерге қатысушылар. Вена, 14 қараша 2015 жыл.

Сирия мәселесі бойынша келіссөздерге қатысушылар. Вена, 14 қараша 2015 жыл.

Австрия астанасында сенбі күні АҚШ, Ресей және Еуропа мен Таяу Шығыс елдері өкілдерінің қатысуымен Сирия мәселесі бойынша келіссөздер өтті. Жиынға қатысушылар Сириядағы саяси процесті қалпына келтіріп, елде сайлау өткізумен аяқталатын екі жылдық жоспар жасады.

Бірақ келіссөзге қатысушылар Сирияның қазіргі президенті Башар Асадтың ары қарайғы тағдырына қатысты мәселеде мәмілеге келе алмады.

Венадағы келіссөздерге Парижде болған террорлық шабуылдардың да әсері болды.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен бірлесіп өткізген баспасөз мәслихатында АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сирияда бейбітшілікке қол жеткізу туралы мәселенің «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қатысы жоғын ескерткен.

Өз кезегінде Лавров «Ислам мемлекеті» тобына қарсы күресетін халықаралық коалиция құру қажеттілігі туралы айтқан.

XS
SM
MD
LG