Accessibility links

Клинтон ИМ-ге қарсы бірге күресуге шақырды


Хиллари Клинтон Дес-Мойнес қаласында сөйлеп тұр. Айова штаты, Ақш, 14 қараша 2015 жыл.
Хиллари Клинтон Дес-Мойнес қаласында сөйлеп тұр. Айова штаты, Ақш, 14 қараша 2015 жыл.

АҚШ демократиялық партиясынан президенттікке негізгі кандидат саналатын Хиллари Клинтон «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күресте әлем лидерлерінің күш біріктіру қажеттігі туралы мәлімдеді. Сенбі күні Айова штатында демократиялық партияның атынан АҚШ президенті сайлауына түсуге ниетті үш тұлғаның қатысуымен өткен пікірсайыс Парижде қарашаның 13-і күні жасалған террорлық шабуылдар құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Пікірсайысқа қатысқан Хиллари Клинтон, сенатор Берни Сандерс және Мэриленд штатының бұрынғы губернаторы Мартин О'Мэлли «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы содырларына қатаң жауап беруді жақтады.

«Біз исламға қарсы күреспейміз, біз зорлық-зомбылық пен экстремизмге қарсы тұрамыз» деп мәлімдеген Клинтон.

Пікірсайыс барысында Берни Сандерс пен Мартин О'Мэлли АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонды Ирактағы америкалық әскери операцияларды әу баста қолдағаны үшін сынға алған.

XS
SM
MD
LG