Accessibility links

Обама: АҚШ Францияға терактіні тергеуге болысады


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.

Парижде ондаған бейбіт адамның өмірін қиған терактілер күллі өркениетті әлемге жасалған шабуыл деп мәлімдеді жексенбі күні Түркияда «Үлкен жиырмалық» саммитіне қатысуға барған АҚШ президенті Барак Обама.

Белек қаласында Түркия президенті Режеп Ердоғанмен бірлескен баспасөз мәслихатында сөйлеген Обама, АҚШ терактілерді тергеу және оған қатысы барларды жауапқа тарту ісінде Францияға қолдау танытуға уәде береді деп мәлімдеді.

Әдетте экономикалық мәселелер қаралатын «жиырмалық» жиынында бұл жолы терроризмге қарсы бірлескен күрес және босқындар проблемасының гуманитарлық мәселелерін талқылау енгізіліп отыр. Ресей президенті Владимир Путин Түркияда «Үлкен жиырмалық» саммиті кезінде өткен БРИКС елдері басшыларының бейресми кездесуінде террор қаупімен күресуге және босқындарға көмектестуге тек бүкіл әлем күш біріктіргенде ғана қол жеткізуге болатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG