Accessibility links

Париждегі құрбандар арасында 12 елдің азаматтары бар


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Парижде 13 қарашада болған терактілер салдарынан қаза тапқандар саны 132 адамға жетті деп хабарлады France Press агенттігі. Бірақ басқа дереккөздері әзірге бұл мәліметті растай қойған жоқ. Бұған дейінгі мәлімет бойынша, террорлық шабуылдардан қаза тапқандар саны 129, жараланғандар саны 352 адам болған.

Қаза тапқандар арасында 12 мемлекет - Бельгия, Германия, Испания, Португалия, Румыния, Ұлыбритания, Тунис, Чили, Алжир, Марокко, Мексика, АҚШ және Италияның кемінде 20 азаматы бар.

Франция премьер-министрі Мануэль Вальс кеше теракт құрбандарының туыстарымен кездескен. Ол құрбандарды тану жұмыстары әлі аяқталмағанын хабарлап, бұл процедураны ұзаққа создырмауға барын салатынына уәде берді.

Франция мен Бельгия тергеушілері терактілерге қатысқандар мен олардың ықтимал серіктерін іздестіріп жатыр. Әзірге дейін терактілер жасап, оққа ұшқан үш терроршының аты-жөні анықталды. Шабуылға қатысы бар болуы мүмкін деген, қаза тапқан жанкештінің бірінің ағасы Абдеслам Салаға іздеу жарияланды. Бұдан өзге терроршылар шабуыл кезінде пайдаланған екі көлік табылды.

XS
SM
MD
LG