Accessibility links

Франция Сирияда ИМ позицияларын бомбалады


Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус.

Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус.

Франция әуе күштері Сирияда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының орталығы саналатын Ракка қаласына әуеден соққы жасады. Франция билігі Париждегі терактілерді жасауға көмектесуі мүмкін делінген күдіктілерді іздеп жатыр.

Франция қорғаныс министрлігінің 15 қарашада таратқан ақпаратына қарағанда, француз ұшақтары Раккаға 20 бомба тастап, содырлардың жаттығу лагері мен оқ-дәрі қоймаларын жойған. Түркияда "Үлкен жиырмалық" (G20) саммитінде сөйлеген Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус әуе шабуылының терактіден өзін-өзі қорғау мақсатында жасалғанын айтты. "Біз ИМ шабуылдарын жауапсыз қалдыра алмаймыз" деді Фабиус.

Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымы әуе шабуылдарынан зардап шеккендер туралы мәлімет түспегенін мәлімдеді.

13 қарашада Парижде болған бірнеше террорлық шабуылдардан 132 адам қаза тауып, 350-ге тарта адам жараланған. Олардың 100-ге жуығының халі ауыр. Еуропада 2004 жылы Мадридте болған жарылыстардан кейін мұндай ең ауқымды терактілер бірінші рет болып отыр.

XS
SM
MD
LG