Accessibility links

Венгрия және Монакомен құқықтық көмек келісімі бекіді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Венгрия арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара көмек жайлы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай құжатқа Қазақстан мен Монако арасында да қол қойылған.

Келісім бойынша, құқықтық көмек көрсетуге күдіктінің аты-жөні мен орналасқан жерін анықтау, қылмыстық іске қатысы бар құжаттар мен материалдарды беру, куәгерлерді, жәбірленушілерді, айыпталушылар мен сарапшыларды шақыртып отырған елдің заң органдарына өз еркімен баруға шақыру, құжат, материал мен айғақтарды беру және алу, тергеу жүргізу мен жауап алу жатады. Бұдан өзге тараптар қамауда отырған азаматтарды жауап алу немесе басқа да процессуалдық іске қатысуы үшін бір-біріне бере тұру, сот сараптамасын жүргізу, тінту жасау, айғақтарды тәркілеу, активтерді тәркілеу, мемлекеттік заңдары бойынша ақпарат алмасуға міндеттеледі.

XS
SM
MD
LG