Accessibility links

Украина: Сайлаушылардың 34 пайызы дауыс берді


Киевтегі мэр сайлауына дауыс беру. Украина, 15 қараша 2015 жыл.

Киевтегі мэр сайлауына дауыс беру. Украина, 15 қараша 2015 жыл.

Украинада жексенбі күні жергілікті басқару органдары сайлауының екінші кезеңі өтті. Биліктің хабарлауынша, Киев пен елдің өзге 28 қаласында өткен мэрлер мен жергілікті кеңестер сайлауына дауыс беру құқығы бар азаматтардың 34 пайызы қатысқан.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, Киев мэрі болып Виталий Кличко қайта сайланған.

25 қазан күні өткен сайлаудың алғашқы кезеңінен соң жүргізілген экзит-полл нәтижелері Петр Порошенко мен оның үкіметі Украинаның батысы мен орталық айймақтарында позициясын сақтап тұрғанын көрсеткен. Бірақ елдің оңтүстігі мен шығысындағы сайлаушылардың бұрынғы ресейшіл президент Виктор Януковичтің жақтастары құрған "Оппозициялық блокты" жақтайтыны байқалған. Януковичтің өзі 2014 жылдың ақпанында елдегі жаппай толқулар кезінде биліктен қуылып, Ресейге кетіп қалған.

Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистер бақылайтын Донецк мен Луганск облыстарының кейбір аудандарында және Ресей аннексиялап алған Қырымда жергілікті органдар сайлауы өткен жоқ.

XS
SM
MD
LG