Accessibility links

Пан Ги Мун Солтүстік Кореяға баруы мүмкін


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун осы аптада Солтүстік Кореяға барады деп хабарлады оңтүстік кореялық ақпарат құралдары.

Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігінің БҰҰ-дағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, Пан Ги Мун сапарында Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынмен кездеседі. БҰҰ бас хатшысының сапары нақты қашан болатыны белгісіз.

Егер Пан Ги Мун сапары рас болса, онда ол 1993 жылдан бері Солтүстік Кореяға барған алғашқы БҰҰ бас хатшысы болмақ. Солтүстік Кореяға соңғы рет 1993 жылы сол кездегі БҰҰ бас хатшысы Бутрос Бутрос-Гали барған.

Мамырда Солтүстік Корея Пан Ги Мунның сапарына бір күн қалғанда оны қабылдаудан бас тартқан.

БҰҰ, Еуропа Одағы мен АҚШ Солтүстік Кореяға ядролық сынақтар жасағанына байланысты бірнеше санкция салған.

XS
SM
MD
LG