Accessibility links

Туск Сириядағы Ресей әскери операциясын сынады


Еуропа комиссиясының төрағасы Дональд Туск.
Еуропа комиссиясының төрағасы Дональд Туск.

Еуропа комиссиясының төрағасы Дональд Туск Ресейді Сириядағы әскери операциясында президент Башар Асадқа қарсы соғысып жатқан ұстамды оппозициялық көтерілісшілерді емес, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына шабуылдауға шақырды. Бұл жайлы ол Түркияда өтіп жатқан "Үлкен жиырмалық" (G20) елдерінің саммитінде айтты.

Туск АҚШ пен Ресейдің Сириядағы экстремистік топтарға қарсы күресте өзара ынтымақтасуының маңызы зор екенін айтты. Ол Ресейдің Сирияда жүргізіп жатқан операциялары тек "босқындар санын арттыратынын" айттты.

АҚШ бастаған коалиция бір жылдан астам уақыттан бері Ирак пен Сириядағы ИМ нысандарына соққы беріп келеді. Ресей Сирияны бомбалауды 30 қазанда бастаған.

XS
SM
MD
LG