Accessibility links

Министрлік оқ-дәрі қоймасындағы жарылысты талқылады


Қорғаныс министрлігі, Астана. (Көрнекі сурет).

Қорғаныс министрлігі, Астана. (Көрнекі сурет).

Қорғаныс министрлігінде бүгін Арыс қаласы маңындағы полигонның оқ-дәріні жою қоймасында болған жарылыс сияқты төтенше оқиғаларды болдырмау жайы қаралды.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қазтехнология" кәсіпорнының басшылығына алда мұндай оқиғаларды болдырмау, оқ-дәріні жоюдың жаңа технологиясы мен тәсілдерін жасап, жою жұмыстарына адамның қатысуын азайту тапсырмалары берілген.

8 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында «Қазтехнология» компаниясының полигоны территориясында жарылыс болып, бір адам қаза тапқан. Ресми ақпарат бойынша, жарылыс әскери оқ-дәрілер мен өндіріс қалдықтарын жою кезінде болған.

XS
SM
MD
LG