Accessibility links

Олланд төтенше жағдай мерзімін ұзартуды ұсынды


Франция президенті Франсуа Олланд.

Франция президенті Франсуа Олланд.

Франция президенті Франсуа Олланд депутаттарды Париждегі терактілерге байланысты елдегі төтенше жағдай мерзімін үш айға созуды ұсынды.

16 қарашада парламенттің біріккен палатасының отырысында сөйлеген Олланд төтенше жағдай мерзімін туралы заң жобасын 18 қарашада өткізетінін айтып, депутаттарды оны 20 қарашаға дейін мақұлдауға шақырды.

Олланд бұған қоса Сириядағы экстремистермен бір ғана үлкен коалицияның күрескені жөн екенін айтып, таяуда бұл мәселені АҚШ және Ресей президенттерімен талқылайтынын айтты.

Олландтың сөзінше, Франция Еуропа Одағының (ЕО) әрбір елінің шекарасында тексеру жүргізбес үшін және ЕО-ны ыдыраудан сақтау үшін ЕО-ның сыртқы шекарасында бақылау күшейгенін қалайды.

XS
SM
MD
LG