Accessibility links

Иранда бахаи сенімінің 15 мүшесі ұсталды


Бахаи діни сенімінің символы. (Көрнекі сурет).
Бахаи діни сенімінің символы. (Көрнекі сурет).

Иранның Тегеран, Исфахан және Мешхед қалаларында бахаи діни сенімін ұстанатын кемінде 15 адам ұсталды. Діни топ өкілдерінің тұтқындалуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Бахаи халықаралық қауымдастығы өкілінің Азаттықтың Иран редакциясы - Фарда Радиосына хабарлауынша, Иран билігі бахаилердің бірнеше қаладағы, оның ішінде Керман және Рафсанджани қалаларындағы дүкендерін де жапқан.

Иранда бахаи діни сенімі ресми түрде мойындалмағандықтан оны ұстанушылар жиі қудалауға ұшырайды. Соңғы жылдары бұл елде бахаи діни қауымдастығының бірнеше жетекшісі түрмеге қамалып, кейбір мәліметтер бойынша бахаилердің зираттары бүлінген.

Өткен жылы БҰҰ-ның азшылық топтар мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Рита Ижак Тегеранды Ирандағы бахаилер мен басқа да діни азшылықты құрайтын топтарды қорғайтын нақты қадамдар жасауға шақырған.

XS
SM
MD
LG