Accessibility links

Бельгия-Испания футбол матчы өтпей қалды


Брюссель көшесінде полиция. Бельгия, 16 қараша 2015 жыл.

Брюссель көшесінде полиция. Бельгия, 16 қараша 2015 жыл.

Бельгия Испания футбол құрамасымен өтетін жолдастық матчты өткізуден 24 сағат қалғанда бас тартты. Бұған Бельгия билігінің Париждегі терактілерді тергеуге байланысты қауіпсіздік шараларын күшейту туралы ескертуі себеп болған.

Бельгия футбол федерациясының 16 қарашада хабарлауынша, матчты өткізбеу туралы шешім "жаңа теракт болу қаупіне және күдіктілерді іздестіруге байланысты" қабылданған.

Парижде 13 қарашада болған терактілерден 132 адам қаза тапқан. Франция билігі шабуылдарға күдіктілердің арасында 27 жастағы бельгиялық азаматтың қатысы болуы мүмкін екенін айтқан.

Бельгия ішкі істер министрлігі 16 қарашада елде теракт болу қаупі барын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG