Accessibility links

Астана әуежайында "кейбір шет елдерде болып жатқан қайғылы оқиғаларға байланысты" қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, қосымша тексеру жабдықтары орнатылды деп хабарлады бүгін әуежайдың баспасөз қызметі.

Әуежайда 14 қарашадан бастап жолаушылар терминалының кіреберісіне тексеру жабдықтары қойылған. Әуежай басшылығы жолаушылар мен әуежай қызметкерлері, шығарып салушы және қарсы салушы адамдар тексеріліп жатқанын айтып, жолаушылардан әуежайға халықаралық рейстерге ұшудан 3 сағат, ішкі рейстерге ұшудан 2 сағат бұрын келуді сұрайды.

Бұған қоса қауіпсіздік мақсатында ұшақта жарылғыш заттар, сығылған және сұйытылған газ, тез тұтанғыш заттар мен қару, өткір заттар тасымалдауға тыйым салынған.

3 қарашада Париж қаласында бірнеше теракт болып, 132 адам қаза тапқан. Қайғылы оқиғалардан 350-ге тарта адам жараланған. Терактілерді "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG