Accessibility links

Минскіде Украинаға қатысты келіссөз өтеді


Донецк облысында жүрген украин әскері мен әскери техникалары. 7 қараша 2015 жыл.
Донецк облысында жүрген украин әскері мен әскери техникалары. 7 қараша 2015 жыл.

Украина мәселесіне қатысты байланыс тобы - Украина, Ресей мен Донбастағы сепаратистер өкілдері бүгін Минскіде келіссөз өткізеді. Келіссөзде амнистия жариялау және Донецк мен Луганск облыстарының кейбір аудандарында жергілікті орындарға сайлау өткізу шарттарын талқылау жоспары бар.

Бұған қоса байланыс тобы Донбастағы соғыстан қираған инфрақұрылымды қалпына келтіру мен аймақтағы әскери ахуалға баға беру мәселелерін талқыламақ.

16 қарашада Украина президенті әкімшілігінің әскери операциялар жөніндегі өкілі Андрей Лысенко "украин армиясы елдің шығысында жағдай шиеленісіп бара жатқандай болса, қақтығыс аймағына артиллерия мен минометтерді қайта апаратынын" мәлімдеген.

Киев пен өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" билігі соңғы күндері Донбастағы жағдайдың шиеленісе түскенін мәлімдеп жатыр. Киевтің ақпаратына қарағанда, соңғы бірер күнде сепаратистер оғынан бірнеше украин сарбазы қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG