Accessibility links

Обама Ресейді ИМ-ге назар аударуға шақырды


АҚШ президенті Барак Обама. Манила, Филиппин, 18 қараша 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама. Манила, Филиппин, 18 қараша 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Сириядағы дағдарысты реттеу келіссөзіндегі Ресейдің рөлін жоғары бағалап, Вашингтон «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобымен күресте Мәскеудің Сирия президенті Башар Асад билігін қолдаудан бас тартқанын қалайтынын мәлімдеді.

Бүгін Филиппин астанасы Манилада Азия-тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығы саммитінде сөйлеген Обама АҚШ пен Ресейдің Сириядағы Асад билігінің болашағына қатысты ұстанымдарында әлі де алшақтық барын айтты. Дегенмен, Обаманың пікірінше, Мәскеу Венада Сирия мәселесіне қатысты өткен халықаралық келіссөзде «саяси өзгерістер жасауда конструктивті серіктес болған».

«Сирияға алғаш киліккенде Ресей көбіне Асадты қолдауға көңіл бөлген. Путин шынымен назарын енді нағыз қауіп-қатер тудыратын ИМ-ге бұра бастаса, біз оны тек қолдаймыз» деген Обама.

Обама бұған қоса Францияның ИМ-ге қарсы әуе шабуылдарын күшейткенін қуаттап, Вашингтон бұл істе одақтасына көмектесетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG