Accessibility links

Досаев: Экспорт көлемі 42,5 пайызға кеміді


Оңтүстік Қазақстан облысындағы уран кеніштерінің бірі. (Көрнекі сурет.)

Оңтүстік Қазақстан облысындағы уран кеніштерінің бірі. (Көрнекі сурет.)

Биылғы жылдың он айында Қазақстан экспортының көлемі 42,5 пайызға азайды деп хабарлады бүгін Астанада үкіметтің кеңейтілген жиынында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев. Оның сөзінше, Қазақстанда он айда экономикалық өсім бір пайызды құраған. Өнеркәсіп өндірісі 1,3 пайызға қысқарып, машина жасау – 29 пайызға, өңдеуші өнеркәсібінің өсімі – 0,5 пайызға азайған. Импорт көлемі 23,8 пайызға кеміген.

Досаевтың болжамынша, биыл елде мұнай өндіру көлемі жоспарланған межеден 1,5 миллион тоннаға азаяды. Ол экспорт пен импорттың азаюынан «төлем балансының нашарлағаны байқалғанын» айтты.

Министр он айда ағымдағы қаржы тапшылығы төрт миллиард долларды құрап, теңге бағамының арзандауынан қазан айындағы инфляция 5,2 пайыз, ал жылдық көрсеткіш 9,4 пайыз болғанын хабарлады.

Досаевтың сөзінше, қазақстандық коммерциялық банктер биылғы жылдың 9 айында несиелендіру көлемін жеті пайызға азайтқан.

Астанадағы үкіметтің кеңейтілген жиыны президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG