Accessibility links

Назарбаев: Дипломатиялық өкілдіктерді азайту керек


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген жиыны. Астана, 18 қараша 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген жиыны. Астана, 18 қараша 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктер санын азайту қажетін мәлімдеді. Бұл жайлы ол Астанада 2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының аралық қорытындысы талқыланған үкіметтің кеңейтілген жиынында айтты.

"Біз дипломатияда саясатты айқындайтын держава емеспіз. Бізде қайда барсаң да елшілер немен айналысатынын білмейді. Экономиканы онсыз да білмейді. Сондықтан бағыт былай болсын... министрлік кездесулерінде, алқа жиындарында бұл мәселені талқылайық. Барлық жерде елшіліктер аша беру қажет пе, елшілердің сапасы жайын талқылайық. Қазақстан мүддесі бар жерде ғана өкілдіктеріміз болуы керек" деген Назарбаев.

XS
SM
MD
LG