Accessibility links

Мемлекеттік қызмет туралы заң жобасын парламентке қайтарды


Ақорда, Астана. (Көрнекі сурет.)

Ақорда, Астана. (Көрнекі сурет.)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасына вето қойды. Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген Назарбаев өзі енгізген өзгерістерді қарауды сұрап, заң жобасын парламентке қайтаратынын айтты.

«Мемлекеттік шенеуніктердің зейнет жасына жеткен соң зейнетке шығу ережелерін айқындау керек. 25 жыл барлығын ұстап, өтініп сұрап келді, жетер, енді кету керек. Әрбіреуінің нақты кететін мерзімі бар... Қазір ешкімнің кеткісі келмейді» деген Назарбаев нақты қай шенеунікті меңзеп тұрғанын білдірмеді.

Парламент 22 қазанда мақұлдаған «Мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасында азаматтарды мемлекеттік әкімшілік қызметке іріктеп алудың жаңа жүйесін енгізу қарастырылған. Ол бойынша, мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасатындар тест тапсырып, уәкілетті органның бағалауын алып, жалпы конкурстан өтуі тиіс.

XS
SM
MD
LG