Accessibility links

Риддерде блогерді бес жылға соттауды сұрады


Блогер Игорь Сычев.

Блогер Игорь Сычев.

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында сепаратизм айыбы тағылған блогер Игорь Сычевтің ісі бойынша өтіп жатқан сот процесінде прокурор судьядан сотталушыны бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы Сычевтің адвокаты Сергей Шигрин хабарлады.

26 жастағы Игорь Сычевтің соты 22 қазанда басталған. Блогерге үкім бүгін жарияланады деген болжам бар.

Ресейлік «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Подслушано в Риддере?» парақшасы администраторларының бірі болған Сычев биыл көктемде топ парақшасында «Дауысқа салу Риддер қаласында өтіп жатыр деп елестетіп көрейікші» деген тақырыппен сауалнама жариялап, оқырмандарға Шығыс Қазақстан облысын Ресей федерациясы құрамына қосуды «қолдаймын» немесе «қарсымын» деп жауап беруді ұсынғаннан кейін оған айып тағылған.

XS
SM
MD
LG