Accessibility links

Сот Немцов ісіне қатысты күдіктіні сырттай қамады


Мәскеуде Борис Немцовты өлтіріп кеткен жерге қойылған марқұм саясаткердің суреті мен гүлдер.

Мәскеуде Борис Немцовты өлтіріп кеткен жерге қойылған марқұм саясаткердің суреті мен гүлдер.

Мәскеудің Басман аудандық соты бүгін Шешенстан ішкі істер министрлігінің «Солтүстік» батальоны сарбазы, Борис Немцовқа қастандық жасауды ұйымдастырған деген күдікке ілінген Руслан Мухудиновты қамауға алуға сырттай шешім шығарды.

Мухудиновке кісі өлтіру және заңсыз қару саудасына қатысты айыптар тағылып, оған федералдық және халықаралық іздеу жарияланған. Тергеушілер оппозициялық саясаткер Борис Немцовты өлтірді деген күдікпен ұсталған Шешенстанның «Север» батальонының сарбазы Заур Дадаев тергеу кезіндегі жауабында Мухудинов өзіне , саясаткерді өлтіргені үшін 25 миллион рубль төлеуге уәде еткенін айтқан дейді.

Бүгінгі сот отырысында судья оқыған анықтамада Руслан Мухудиновтың Біріккен Араб Әмірліктерінде соттан қашып жүргені айтылады. Тергеушілер оны Ресейден жалған төлқұжат арқылы кетіп қалған болуы мүмкін дейді.

Мухудиновтың адвокаты оның «кінәсіз» екенін мәлімдеді.

Борис Немцовты биыл 28 ақпанда Мәскеуде Кремльге жақын маңда атып өлтіріп кеткен. Оның қазасына қатысты тергеу барысында шешенстандық бес азамат ұсталған.

XS
SM
MD
LG