Accessibility links

Мемлекеттік қызмет туралы заң жобасы қайта мақұлданды


Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет).

Қазақстан парламенті депутаттары президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік қызмет туралы заң жобасына енгізген түзетілерімен келісті.

Президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің депутаттарға хабарлауынша, Назарбаев заң жобасына мемлекеттік қызметте қалу мерзімі мен оны тоқтату және мемлекеттік қызметкерлердің зейнеткерлікке шығуы жайлы баптарға қатысты вето қойған.

Депутаттар президенттің қарсылығын бірауыздан қолдап, бұған дейін өздері мақұлдаған жобаға қарсы дауыс берген.

Назарбаев бүгін Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген жиынында мемлекеттік қызмет туралы заң жобасына вето қойғанын хабарлаған. "Мемлекеттік қызметкерлердің зейнеткерлікке заңды мерзімде шығу ережелерін айқындау керек" деген президент қазір ешкімнің қызметтен кеткісі келмейтінін айтқан.

Парламент аталған заң жобасын 22 қазанда мақұлдаған еді. Құжатта азаматтарды мемлекеттік лауазымды қызметке алудың жаңа жүйесін енгізу қарастырылған.

XS
SM
MD
LG