Accessibility links

Блогер Сычев 5 жылға сотталды


Игорь Сычев, Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында тұратын блогер. (Көрнекі сурет)

Игорь Сычев, Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында тұратын блогер. (Көрнекі сурет)

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қалалық соты 26 жастағы блогер Игорь Сычевті «сепаратизмге шақырды» деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлады азаматтық белсенді Александр Харламов Азаттыққа.

Ресейлік «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Подслушано в Риддере» парақшасы администраторларының бірі болған Сычев биыл көктемде топ парақшасында «Дауысқа салу Риддер қаласында өтіп жатыр деп елестетіп көрейік» деген тақырыппен сауалнама жариялап, оқырмандарға Шығыс Қазақстан облысын Ресей федерациясы құрамына қосуды «қолдаймын» немесе «қарсымын» деп жауап беруді ұсынғаннан кейін оған айып тағылған.

Игорь Сычев дауысқа салуды жариялауға рұқсат еткенін, бірақ мәтінді құрастыруға қатысы жоқ екенін әрі шағым түскеннен кейін оны алып тастағанын мәлімдеген.

Сот жарыссөзі кезінде прокурор Сычевті бес жылға түрмеге кесуді сұраған. Ол Ресей Украинадан аннексиялап алған Қырымды айта келіп, «Сычев өз әрекетімен орыс ұлты өкілдері басым аймақта сепаратистік көңіл-күйді қалыптастыруға тырысты» деп мәлімдеген.

Тергеу барысындағы және сот процесіндегі айыптаулардың ешқайсысымен келіспеген Игорь Сычев сот шешіміне қарсы шағымданбақ.

XS
SM
MD
LG