Accessibility links

WADA Ресей допингке қарсы агенттігінің мүшелігін тоқтатты


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) «талапқа бағынбады» деген негізбен Ресейдің допингке қарсы агенттігінің халықаралық ұйымға мүшелігін тоқтатты.

WADA бұған дейін Ресейдің допингке қарсы зертханасын лицензиясынан айырған.

WADA ресейлік спортшылардың жиі допинг қолданғаны туралы 9 қарашада жариялаған есебінде Ресейде тыйым салынған препараттарды қолдануды мемлекеттік деңгейде қолдайтын бағдарлама жұмыс істейтінін атап көрсеткен.

Ресей спорт министрінің орынбасары Павел Колобков 18 қарашада WADA-ның атқарушы кеңесіне егер зертханаға лицензиясы қайтарылмаса, онда Ресей үкіметі ұйымды қаржыландырудан бас тартатынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG