Accessibility links

Керри: Сирияда бітім таяу уақытта орнауы мүмкін


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри француздың France2 телеарнасына берген сұхбатында Сирияда бітім орнату жөніндегі келісім бірнеше аптада жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Келіссөзге алғаш рет Ресей мен Иран қатысады. Егер біз бірнеше айда емес, таяу апталарда саяси қадамдар жасап, оппозиция мен Асад үкіметі өкілдерін бір үстел басына отырғыза алсақ, онда қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізе аламыз» деген Керри.

Оның сөзінше, егер Сирияда өтпелі үкімет құрылатын болса, онда үкімет әскері мен оппозициялық күштердің «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы бірлескен іс-қимылына мүмкіндік тумақ. «Шетелдік контингенттің көмегімен емес, жергілікті күштердің өздеріне сүйену – террорға қарсы күрестің ең тиімді әдісі болар еді» деген Керри.

Асадтың биліктен кетуі Сириядағы жағдайды реттеудің бірден-бір шарты болып саналмай ма деген сұраққа: «Асад бәрібір биліктен кетуі қажет. Себебі, АҚШ немесе Франция солай деп санағаннан емес, Асад билікте отыра берсе соғысты тоқтату мүмкін емес болғандықтан кетуі керек. Асад билікте отырғандықтан ғана бұл елге шетелдік содырлар келіп жатыр. Асад сенімнен айырылған. Ол елдің төрттен біріндей ғана аумақты бақылауда ұстайды. Өз еліне қарсы улы заттар, кассеталық бомбалар қолданып, аштық пен азаптауға ұшыратқан адамның билікте отыруға қандай құқығы бар?» деп жауап берген Керри.

XS
SM
MD
LG