Accessibility links

Үкімет жылдық инфляция деңгейін ұлғайтты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан үкіметі 2015 жылдың қорытындысы бойынша инфляция шегін 6-8 пайыздан 8-10 пайызға дейін ұлғайтты. Бұл туралы бүгін сенатта 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырған ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев хабарлады.

18 қарашада ұлттық банктің жаңа төрағасы Данияр Ақышев 2015 жылдың қорытындысы бойынша елде инфлиция шегі болжанған 6-8 пайыздан асып кетуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Ресми мәлімет бойынша, биыл қазан айында инфляция деңгейі 2014 жылдың қазанымен салыстырғанда 5,2 пайыз, 2015 жылдың қаңтарымен салыстырғанда – 8,2, ал жылдық шекте – 9,4 пайыз болған.

XS
SM
MD
LG