Accessibility links

Қырғыз парламенті қауіпсіздікті күшейтуге шақырды


Қырғызстан парламенті. (Көрнекі сурет.)

Қырғызстан парламенті. (Көрнекі сурет.)

Қырғызстан парламенті – Жогорку Кенеш депутаттары соңғы кезде шетелдерде болып жатқан террорлық оқиғаларға байланысты үкіметтен тез арада мектептер, ауруханалар мен басқа да көпшілік жиналатын қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын күшейтіп, экстремистік іс-әрекеттердің алдын алу шараларын қабылдауды сұрады.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, бұл мәселені көтерген депутат Дастан Жумабеков Қырғызстанда қоғамдық орындарда «бақылау, тексеру шаралары нашар» екенін айтқан.

Парламент спикері Асылбек Жээнбеков экстремистік әрекеттермен күреске қажет қаржы бөлу мәселесін тез арада шешу үшін парламент үкіметпен жұмыс істесуге даяр екенін білдірген.

Египетте Ресей жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы мен Париждегі терактілерден соң әлемде бірқатар ел қауіпсіздікті күшейтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG