Accessibility links

Оралда оқушылардың улануына асхананы кінәлайды


Сәкен Сейфуллин атындағы №11 "Дарын" мектеп-интернаты. Орал, 2 қараша 2015 жыл
Сәкен Сейфуллин атындағы №11 "Дарын" мектеп-интернаты. Орал, 2 қараша 2015 жыл

Орал қаласында өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Сергей Щербина мектеп-интернат асханасы жұмысшыларының 19 қарашада дизентерияға шалдығуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, мектеп-интернат оқушылары дизентерияны асхана қызметкерлерінен жұқтыруы мүмкін.

«Барлық жұмысшылардың медициналық кітапшасы бар, бірақ олар не себепті ауырды, инфекция туралы білмеді ме, әлде жасырды ма, оны анықтаймыз» деген Щербина брифингте «Интерфакс-Казахстан» агенттігіне.

Ауруханаға жатқызылған 15 асхана жұмысшысынан дизентерияның субклиникалық түрі табылған. Оның сөзінше, олар ауруханада «инфекцияға тапсырған анализдері үш мәрте терістелгенше» қалады. Щербина оқушылардың жаппай улануынан соң жергілікті мектеп, балалар бақшасы мен интернаттарда тексеру жүргізіліп жатқанын да айтты.

Қазан айының соңында Оралдағы №11 «Дарын» қазақ мектеп-интернатының 129 оқушысы «дизентерия» диагнозымен инфекциялық ауруханаға түскен. Бұғанға дейін «Дарын» мектеп-интернатының ұжымы оқушылардың тамақтан улануы жөніндегі версиямен келіспейтінін мәлімдеген болатын.

XS
SM
MD
LG