Accessibility links

Франция төтенше жағдайды 3 айға созбақ


Эйфель мұнарасы маңын күзетіп тұрған әскерлер. Париж, 18 қазан 2015 жыл.
Эйфель мұнарасы маңын күзетіп тұрған әскерлер. Париж, 18 қазан 2015 жыл.

Франция парламентінің төменгі палатасы - ұлттық ассамблея 13 қарашадағы Париждегі терактілерден соң елдегі төтенше жағдай режимін үш айға дейін ұзарту туралы заң жобасын қабылдады.

Төтенше жағдайды созу туралы шешім 20 қарашада парламенттің жоғары палатасы - сенатта талқыланады.

Франция президенті Франсуа Олланд Париждегі 132 адам қаза болып, 350-ден астам адам жарақаттанған шабуылдардан кейін елде төтенше жағдай жариялап, шекараны жапқан.

Париждегі терактілердің жауапкершілігін «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG