Accessibility links

Франция: Терактіні ұйымдастырушы өлді


Париждегі терактіні еске алу суреті.

Париждегі терактіні еске алу суреті.

Франция прокуратурасы Париждің солтүстігінде 18 қарашада жүргізілген арнайы операция нәтижесінде ел астанасындағы шабуылдардың басты ұйымдастырушысы болуы мүмкін делінген Абдельхамид Абааудтың өлгенін хабарлады.

Бұған дейін прокуратура жеті сағаттан астам уақытқа созылған операциядан соң жеті ер адам мен бір әйелдің ұсталғанын жария еткен. Операция болған ғимарат үйіндіге айналғандықтан тағы бірнеше өлі адамның кім екені анықталмағанын, олардың нақты санын да айта алмайтындарын мәлімдеген. Операцияның мақсаты Абааудты іздеу екені айтылған.

13 қарашада Париждегі концерт залында, бірнеше мейрамхана мен кафелерде, футбол стадионында бір мезетте бірнеше теракт болған еді. Ол оқиғалардан 132 адам қаза болып, 350-ден астам адам жараланған. Шабуылға жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG