Accessibility links

Татарстанда "ИМ сапында соғысқан" азамат сотталды


Татарстан картасы. (Көрнекі сурет.)
Татарстан картасы. (Көрнекі сурет.)

Татарстан соты Чаллы қаласының тұрғыны Михаил Головенконы «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы құрамында Сирия мен Иракта соғысты» деген айыппен алты жылға соттады. Сот оны «заңсыз қарулы құрылым қызметіне қатысқаны үшін айыпты» деп таныған.

Сотта Головенко 2014 жылдың сәуірінде Сирияға барып, Ракка қаласында ИМ мүшелерімен дайындықтан өткенін, одан соң былтыр тамызда ИМ содырлары басып алған Ирактың солтүстігіндегі Синджар қаласына барғанын мойындаған. ИМ жасағымен келіспей қалған соң ол биыл қаңтарда Ресейге оралып, кейін тұтқындалған.

Ресей билігінің дерегі бойынша, Сирияға ИМ тобына немесе ондағы «Әл-Қаида» террорлық ұйымымен байланысы бар топтарға қосылу үшін 2700-ге жуық ресейлік кеткен.

19 қарашада Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Олег Сыромолотов Сирияға кеткендердің 73-і Ресейге қайтып оралған соң сотталғанын, 36-сы қамалғанын және 160-ы сол жақта мерт болғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG