Accessibility links

Шереметьевода тұратын екі босқынға айыппұл салды


Мәскеудің Шереметьево әуежайындағы транзиттік аймақта тұрып жатқан сириялық босқындар.
Мәскеудің Шереметьево әуежайындағы транзиттік аймақта тұрып жатқан сириялық босқындар.

Мәскеу облысының Химки қалалық сотында Шереметьево әуежайының транзиттік аймағында екінші ай тұрып жатқан Сирия мен Ирактан барған екі босқынға қатысты үкім шықты. Сот босқындар Хасан Ахман Абдо мен Шахо Гулистанға Ресей шекарасын заңсыз кесіп өтпек болды деген айып тағып, әрқайсына бес мың рубльден (шамамен 75 АҚШ доллары) айып салды. Олар төрт жас баласымен әзірше әуежайдың транзиттік аймағында белгісіз мерзімге дейін тұра бермек.

Шахо Гулистан судьямен аудармашы арқылы тілдескендіктен сотталушының кім екенін анықтаудың өзі 15 минутқа созылды.

Бұған дейін, 14 қазанда Ресей билігі шетел азаматтары Шахо Гулистан мен Хасан Ахман Абдоға босқын мәртебесін беруден бас тартқан еді. Яғни, олар өздеріне босқын мәртебесі берілмегендіктен Ресейге кіре алмайды, ал сириялық паспорттары «қолдан жасалған» деп танылып, тартып алынғандықтан басқа елге кете алмайды.

XS
SM
MD
LG