Accessibility links

Бішкекте абақтының бұрынғы басшысы өлі күйінде табылды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қырғызстанда қазан айында бірнеше тұтқын қашып кеткен 50-уақытша қамау абақтысының бұрынғы басшысы Имаш Телтаев асылып тұрған жерінен табылған. Азаттықтың Қырғыз редакциясының мемлекеттік жазаны атқару қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Телтаевтың денесін ол қамауда отырған Бішкектегі 1-тергеу абақтысының медициналық-санитарлық бөлімінен тапқан.

Имаш Телтаев абақтыға 11 қарашада қамалып, денсаулық жағдайына шағымданған соң, медициналық-санитарлық бөлімге ауыстырылған.

12 қазанға қараған түні Шу облысының Төмөнгу Нооруз ауылындағы 50-түрмеден тоғыз тұтқын қашып кеткен еді. Тұтқындарды тоқтатпақ болған түрменің үш қызметкері қаза тауып, біреуі ауыр жараланған. Милиция бес тұтқынды ұстап, төртеуі із жасырып үлгерген. Кейін қашқындардың үшеуінің көзі жойылып, біреуі ұсталған.

XS
SM
MD
LG