Accessibility links

Ашраф Ғани Қазақстанға келді


Ауғанстан президенті Ашраф Ғани.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани бүгін ресми сапармен Қазақстанға келді. Ғани Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және премьер-министр Кәрім Мәсімовпен кездеседі.

Осы аптада Ашраф Ғанидың сапарына қатысты түсінік берген Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Астанадағы кездесуде екі ел басшылары аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды деген. Бұған қоса екіжақты қарым-қатынастар да талқыланбақ.

Бүгін Астанада екі елдің іскер топтар өкілдерінің қатысуымен бизнес форум өткізу де жоспарланған.

Биылғы жылдың алғашқы сегіз айында Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 200 миллион доллардан асқан. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Астана Кабулге гуманитарлық көмек ретінде 20 мың тоннадан астам азық-түлік жөнелткен және 20 мыңға тарта ауғанстандық студент Қазақстан университеттерінде тегін оқып жатыр.

Астанада өтетін екіжақты келіссөз қорытындысы бойынша экономикалық салаларға қатысты бірнеше келісімге қол қойылады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG