Accessibility links

"Ұлтаралық араздық тудыру" бабын нақтылауды сұрады


Азаматтық белсенділердің қамалуына қатысты қоғамдық тыңдауға келгендер. Астана, 20 қараша 2015 жыл.
Азаматтық белсенділердің қамалуына қатысты қоғамдық тыңдауға келгендер. Астана, 20 қараша 2015 жыл.

Астанада бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының филиалында өткен жиынға қатысушылар биліктен елде азаматтық белсенділердің ұстауға негіз болған қылмыстық кодекстегі 174-бапқа («әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру») нақты анықтама беруді биліктен талап етті. Олар Қазақстан бас прокуроры, жоғарғы сот пен парламент депутаттарына өз талаптары жазылған хатты жолдады.

Ұйымдастырушылар «қоғамдық тыңдау» деп атаған жиынға қатысқандар Қазақстанда 174-бап бойынша іс қозғалып, қамауға алынған белсенділерге тағылған айыптарды талқылады.

Жиынға «әлеуметтік және ұлтаралық араздық тудырды» деген қылмыстық айып тағылып, қазір қамауда отырған қоғамдық белсенділер Ермек Нарымбаев, Серікжан Мәмбеталин, Болатбек Біләловтің туыстары, қорғаушылары мен жақтастары қатысты. Болатбек Біләловтің адвокаты Василий Садықов өзіне тергеу ісіне қатысу туралы рұқсат құжаты әлі берілмегенін айтты.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, жиынға ішкі істер департаменті, прокуратура мен сот өкілдері де шақырылғанымен, олар келмеген.

XS
SM
MD
LG