Accessibility links

Әкім: Астанада теракт жасамақ болған топ әшкереленген


Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков.
Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті осыдан төрт ай бұрын Астанада терактілер жасауды жоспарлаған топты әшкерелеген деп хабарлады бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков.

Заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің жиынында сөйлеген қала әкімі қазір терроризмге шаралар мәселесі бірінші орында тұрғанын айтты.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті осыдан төрт ай бұрын Астанада терактілер жасауды жоспарлаған, жарақтанған жасырын ірі топты әшкереледі» деді Жақсыбеков.

Ол бұған қоса 19 қарашада қалалық террорға қарсы комиссияның отырысы өтіп, тиісті құрылымдарға тапсырмалар берілгенін айтты.

13 қарашада Франция астанасында 132 адам қаза тапқан бірнеше террорлық шабуылдан кейін Қазақстанда қоғамдық орындарда, әуежайлар мен теміржолдарда, метрода қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

XS
SM
MD
LG