Accessibility links

Пхеньян Сеулге келіссөз өткізуді ұсынды


Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяның картасы. (Көрнекі сурет.)

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяның картасы. (Көрнекі сурет.)

Солтүстік Кореяның мемлекеттік телеарнасы Пхеньян Сеулге келесі аптада екі ел арасындағы әскерилендірілген шекара мәселесіне қатысты жұмысшы тобы деңгейіндегі келіссөз өткізуді ұсынғанын хабарлады.

Солтүстік Кореяның ресми KCNA агенттігі бүгін Пхеньян Оңтүстік Кореяға 26 қарашада шекарадағы Пханмундж бекетінде екіжақты байланыстарды талқылайтын кездесу өткізуді ұсынғанын хабарлаған.

France Press агенттігінің ақпараты бойынша, Оңтүстік Кореяның бірігу министрі ұсынысты қарастырып жатқанын айтқан.

Екі ел тамызда шекарада туындаған жанжалдан соң келіссөзді қайта жандандыруға келіскен. Егер Сеул ұсынысты қабылдаса, онда Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея екіжақты қарым-қатынастағы шиеленісті жұмсартуға арналған үкімет деңгейінде алғашқы кездесу өткізбек.

Тамыздағы келісім бойынша, 1950-1953 жылдардағы соғыста бір-бірінен ажырап кеткен отбасыларға туыстарымен қайта қауышуға мүмкіндік туған.

Жанжал бейбіт келісіммен емес, бітіммен аяқталғандықтан екі тарап әлі де соғыс жағдайында тұрған болып саналады.

XS
SM
MD
LG