Accessibility links

Front Line Defenders Біләловті қолдауға шақырды


Болатбек Біләлов, "Адам құқығы мен демократия институты" қоғамдық бірлестігі жетекшісі. Көрнекі сурет
Болатбек Біләлов, "Адам құқығы мен демократия институты" қоғамдық бірлестігі жетекшісі. Көрнекі сурет

Халықаралық Front Line Defenders құқық қорғау ұйымы Қазақстан жұртшылығына «араздық тудыру» айыбымен қамауда отырған азаматтық белсенді Болатбек Біләловті босатуды сұрап, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдауды ұсынды.

Front Line Defenders сайтында Қазақстан билігінен белсендіні айыптауды доғарып, оның заттарын қайтарып беруді талап етуді өтінген хатты кез-келген адамның жолдауына болатынын мәлімдеген.

Сайтта бейсенбі күні жарияланған хатта Біләловті тұтқындау мен айыптау "оның адам құқықтарын қорғаудағы ісімен байланысты және өз ойын еркін білдіруіне жасалған кедергі" екені айтылған. Хатта сонымен қатар Қазақстан билігіне кез-келген жағдайда елдегі құқық қорғаушылардың адам құқығы жөніндегі заңды іс-қимылын жүзеге асыруға мүмкіндік беру туралы өтініш айтылған.

11 қарашада Астанада сот азаматтық белсенді Болатбек Біләловті екі айға тұтқындау туралы қаулы шығарған. Оған «әлеуметтік желілер арқылы әлеуметтік, ұлттық араздық қоздырды» деген айып тағылған.

XS
SM
MD
LG