Accessibility links

Малиде төтенше жағдай жарияланды


Radisson Blu мейманханасына шабуылда зардап шеккен адамды көтеріп келе жатыр. Бамако, Мали. 20 қараша 2015 жыл
Radisson Blu мейманханасына шабуылда зардап шеккен адамды көтеріп келе жатыр. Бамако, Мали. 20 қараша 2015 жыл

Малиде қарулы исламшылдар кепілге алған ондаған адамды босату операциясы аяқталған соң, президент Ибрагим Бубакар Кейта елде он күн бойы төтенше жағдай тәртібі орнатылатынын мәлімдеді.

Малидегі төтенше оқиға барысында 21 адам қаза тауып, бірнеше кісі зардап шеккені, мерт болғандар арасында қонақүйге шабуылдаған екі адам бары айтылады. Бұған дейін Reuters агенттігі қаза тапқандар саны 27 адам деп хабарлаған.

Кеше ел астанасы Бамакодағы Radisson Blu мейманханасында қарулы топ жүзден аса адамды кепілге алып, бірнеше сағат бойы ұстаған еді. Кейін арнайы жасақ күштері қонақүйге бекінген экстремистерге шабуылдап, кепілдегі адамдарды босатқаны хабарланған.

«Әл-Қаида» ұйымының бұрынғы әскербасыларының бірі жетекшілік еткен топ бұл қылмыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.

Бұрын Францияның отары болған Малидегі бұл шабуылдың қарашаның 13-і күні Парижде болған терактілерге қатысы бар-жоғы әзірше белгісіз.

XS
SM
MD
LG